- Продолжительность:
- 03:29
- Формат:
- mp3
На этой странице Вы можете скачать песню Нұрсұлтан Нұрбердиев — Бақытын Іздегендер(2017) в формате mp3 или слушать её онлайн совершенно бесплатно. Наслаждайтесь лучшими треками, альбомами и новинками в исполнении Нұрсұлтан Нұрбердиев без ограничений.
Текст песни "Нұрсұлтан Нұрбердиев — Бақытын Іздегендер(2017)"
"Бақытын іздегендер"
Сүйіп те тұрып, сүйікті болып,
Сетінеп жаным, шерленем,
Сүюді – бақыт дейтіннің бәрі,
Әлі де сүйіп көрмеген.
Адасып барып, таласып-талып,
Сүрініп, сосын, ес кірді.
Адамның нағыз бақытты шағы –
Сүймеген кезі ешкімді.
Қ-сы
Көрінбес көзге елесті қуып,
Көңілді, сосын, бір демдер.
Адамның бәрі сағынған сәттен,
Бақытын іздеп жүргендер.
2
Адастым дей бер, адамның бәрі,
Бақытқа сендей асыққан.
Бақыттымын деп айтпайды бірақ,
Себебі, олар – ғашықтар!
Өзім де – тұтқын, шыға алмай келем,
Жүректей жұқа бөлмеден.
Сүюді – бақыт дейтіннің бәрі,
Әлі де сүйіп көрмеген.
Әні:Ерғали Көшербаев
Сөзі:Асылзат Арыстанбекқызы