BaGi
–
Мен сені сүйемін)
- Продолжительность:
- 03:19
- Формат:
- mp3
На этой странице Вы можете скачать песню BaGi — Мен сені сүйемін) в формате mp3 или слушать её онлайн совершенно бесплатно. Наслаждайтесь лучшими треками, альбомами и новинками в исполнении BaGi без ограничений.
Текст песни "BaGi — Мен сені сүйемін)"
BaGi - Мен сені сүйемін (2011) (таралмай қалған тректердің бірі)
Күлімдеп қарағаның жүректі елжіретіп,
Сені кездестірген күн кеудемді тебірентіп.
Менің қуанышымсың - әрдайым қуантатын,
Қиналған сәттерде демеу беріп жұбататын.
Мереке, сені сүйем, ешқашан да ұмытпа,
Арадағы сезімді, жаным менің, суытпа.
Қ-сы:
Мен сені сүйіп өтем, соңғы демім қалғанша,
Сезімнің гүлі шарасыз, амалсыз солғанша.
Күлімдеп қара маған қарақат көздеріңмен,
Жүректі елжіретер, айналдым сөздеріңнен.
Жүрек сені қалады, бір көргеннен ұнатты,
Сыйладың маған жердегі кіші жұмақты.
Көз қуанышым, арай шашқан, сүйіктім,
Күз өмірімді менің жан бітіріп тірілттің.
19-шілде - сенімен танысқан күнім,
31-шілде - екеуміз табыстық, алтыным.
Сені ойлаумен өтеді ұйқысыз әрбір күнім,
Жүрек сен деп соғады, сенші маған, ақ гүлім.
Романтик емеспін, сәл-сәл хабарым бар,
Шын жүректен саған айтатын сөз назым бар.
Жүректе орындалмаған сырлы сазым бар,
Ең бастысы, аяулым, жүрегім сен деп соғар.
Мереке, сені сүйемін, ешқашан ұмытпа,
Тек саған аштым сырымды жатқан тұнықта.
Еркелеші маған, наздана, сызыла,
Сенімен бірге құлпырды өмірім құбыла.
Қ-сы:
Мен сені сүйіп өтем, соңғы демім қалғанша,
Сезімнің гүлі шарасыз, амалсыз солғанша.
Күлімдеп қара маған қарақат көздеріңмен,
Жүректі елжіретер, айналдым сөздеріңнен.