QARAKESEK
–
07. ЖҮЗIҢЕ ["АСПАН"]2017
- Продолжительность:
- 03:48
- Формат:
- mp3
На этой странице Вы можете скачать песню QARAKESEK — 07. ЖҮЗIҢЕ ["АСПАН"]2017 в формате mp3 или слушать её онлайн совершенно бесплатно. Наслаждайтесь лучшими треками, альбомами и новинками в исполнении QARAKESEK без ограничений.
Текст песни "QARAKESEK — 07. ЖҮЗIҢЕ ["АСПАН"]2017"
Жылдың өткенін байқамадық,
Бәрі біткенін айта алмадық.
Бәрі бітсе де, қайталадық
Басынан, басынан...
Жаяу қалғандай айдалада,
Серік таба алмай айналадан.
Ей, уақыт, айтшы, сенен пайда бар ма,
Таусылмайтын жоспар, жоғалатын арман.
Қайырмасы:
Мені жеткізбеді өзіңе,
Көздеріңді көзіме.
Қайда жеткізеді, үміт үзілген,
Үзілген үмітпен қарадым жансыз жүзіңе.
Сенің жүзіңе, сенің жүзіңе,
Сенің жүзіңе, сенің жүзіңе...
Жанарыңа қарауға дәтім бармайды,
Қабағыңнан бар ма күн, айтшы, қар жаумайтын?
Сен жалғыз емессің, саған көбісі аумайды,
Ақылың кірер, шамалы жаурай тұр.
Жаураған жүрегіңді жұбатам деп жылаттың,
Жауап таптым дегенде астында қалдың сұрақтың.
Бақыт қонбай тұр ма басыңа тұрақты,
Үміт үзілсе, қайта жалғанады, күтіп тұра тұр.
Сұрақтар көбейіп, таба алмай жауабын
Жүрсің бе күрсініп жұтып тегін ауаны?
Қашан қуантасың, бар ма қуанышты хабар,
Кім білген нәзік қабағыңнан қар жауарын?
Кім білген, а, ешкім білмеген ба,
Кезінде болашаққа миың көңіл бөлмеген ба?
Соның кесірі, соның кесірінен қазір
Өзегіңде өкініштен басқа не қалды, а?..
Қайырмасы:
Мені жеткізбеді өзіңе,
Көздеріңді көзіме.
Қайда жеткізеді, үміт үзілген,
Үзілген үмітпен қарадым жансыз жүзіңе.
Сенің жүзіңе, сенің жүзіңе,
Сенің жүзіңе, сенің жүзіңе...